KazPetrol
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ
2007 жылы Kusto Group компаниялар тобы мұнай өндіру бойынша нөлден іске асырылатын бірегей жоба – KazPetrol Group құрды. Сол жылы KazPetrol Group Қызылорда облысындағы мұнай кен орындарын игеру жолдарын іздеп, келешегі зор, бірақ әлі дамымаған өңірдің әлеуетін іске асыруды мақсат етіп қойды. Дәстүрлі тәсілге бағдарланған мамандардың кеңестеріне қайшы, озық технологиялар тартылып, саланың үздік тәжірибелері енгізілді.
Енді, он бес жылдан кейін, KazPetrol – жаңа технологияларды табысты қолданатын өңірдегі көшбасшы. Компания қызметкерлерге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау арқылы жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік қажеттіліктерін ескереді. Бүгінде KazPetrol-да 750-ден астам адам жұмыс істейді, компания бүкіл әлем бойынша мұнай-газ қызметтерінің жетекші жеткізушілерімен ынтымақтасады, ал жылдық өндіру көлемі 3 млн баррельден астам шикі мұнайды құрайды.